Skip to content
Жаңалықтар «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан»

«Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан»

  • by

🌿«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбындағы «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының директоры А. Нуртазин мен экологиялық ағарту инженері Н. Бекбосынова М. Жұмабаев атындағы орта мектебінің «Жасыл орман қамқоршысы» мектеп орманшылығының 7-сынып оқушыларына «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан» тақырыбында экологиялық дәріс-сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық білімін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және туған өлкенің табиғи байлығын қорғауға баулу.
🌷Сабақ барысында оқушыларға Қазақстандағы қызғалдақ түрлері, олардың табиғаттағы маңызы мен қорғау жолдары туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар үш топқа бөлініп, пікірталас жүргізіп, викториналық ойындарға қатысты. Табиғатты аялау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау бағытында пікір алмасты.