Skip to content
Жаңалықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы

  • by

🌿«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында, 15 сәуір – Экологиялық білім беру күніне орай ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушыларымен бірлесіп, мектеп ауласына 40 түп еменнің жас көшеттерін отырғызды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға баулу және қоршаған ортаны көгалдандыруға үлес қосу.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ағаш отырғызу жұмыстарына белсене атсалысты.