🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері Ақжар орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп, Ақжар ауылындағы мәдениет үйінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
🌱 Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы түсінік алып, көшет отырғызу жұмыстарына белсенді қатысты.