🐻Тянь-Шань қоңыр аюы – табиғаттың сирек кереметі!
🐾Парк аумағында құрылған фототұзақтардың көмегімен Тянь-Шань қоңыр аюының көктемде алғашқы кездесуін түсірудің сәті түсті.
Тянь-Шань қоңыр аюы 2025 жылы наурыз айының 14 күні фототұзаққа түссе, 2026 жылы наурыз айының 05 күні түскен. Бұл дегеніміз 2026 жылы көктемнің ертерек шыққанын байқатады.
Тянь-Шань қоңыр аюы өте сирек кездесетін әрі қорғалатын жануарлардың бірі, сондықтан мұндай деректер мен сәттер табиғат үшін аса құнды.