Skip to content
Жаңалықтар Далалық іс-сапар жүргізілді

Далалық іс-сапар жүргізілді

  • by

Сәуірдің 13–16 күндері «Ғылым» және «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімдерінің мамандары Алакөл филиалы мен Тоқты қаумалы аумағында жануарлардың маусымдық белсенділігі мен таралуын бақылау, сондай-ақ фототұзақтарды жаңарту мақсатында далалық іс-сапар жүргізді.

📸Бақылау барысында түлкі, архар, таутеке, марал, сұр суыр, сондай-ақ гималай ұлары, дала қыраны, бүркіт, сақалтай сияқты жануарлар тіркеліп, 4 фототұзақ жаңартылды. Фототұзақтар арқылы қар барысы, қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы және басқа да түрлер туралы қосымша деректер алынды.

🐾Аталған жұмыстар парктің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған мониторингтің маңызды бөлігі болып табылады.