Қазақ даласының табиғи байлығы саналатын Сиверс алма ағашы көктемнің шуақты күндерімен бірге гүлдеп, айналаны ерекше көрікке бөлеп жатыр. Ақ және қызғылт реңкті нәзік гүлдері табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің қайта жандануының белгісіндей әсер сыйлайды.
🍃 Сиверс алмасы – мәдени алма сорттарының арғы тегі болып саналатын сирек әрі бағалы жабайы жеміс ағашы. Сондықтан оның гүлдеу кезеңі табиғаттағы маңызды маусымдық құбылыстардың бірі саналады.
🌿 Бұл кезеңде ағаштар аралар мен басқа да тозаңдандырушы жәндіктерді өзіне тартып, экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға үлкен үлес қосады. Сиверс алма ағашының гүлдеуі – табиғаттың әсем көрінісі ғана емес, биологиялық әртүрліліктің маңызды белгісі.