🌿 «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында 22 сәуір — Халықаралық Жер күніне орай ұлттық парктің Лепсі филиалының қызметкерлері Лепсі орта мектебінің оқушыларына «Лепсі орман тұқымбағы» туристік бағытына танымдық экскурсия өткізді.
🌱 Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны аялауға баулу және экологиялық мәдениетін арттыру.