Skip to content
Жаңалықтар Экологиялық дәріс өткізілді

Экологиялық дәріс өткізілді

  • by

🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парк қызметкерлері – «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің басшысы Ж.Молдахан, «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің басшысы М.Сулейменова Сарқан көпсалалы колледжінің 1–2 курс студенттеріне «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» атты экологиялық дәріс өткізді.

📚 Дәріс барысында студенттерге қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Студенттер өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау бағытындағы сұрақтарына жауап алды.