Skip to content
Жаңалықтар Танымдық сабақ өткізілді

Танымдық сабақ өткізілді

  • by

Ұлттық парктің бас директордың ғылым және туризм жөніндегі орынбасары Т.Қасымханова мен «Ғылым» бөлімінің басшысы Ж.Нұрғожанова Алматы аграрлық университетінің студенттеріне танымдық сабақ өткізді.

📚 Кездесу барысында студенттерге ұлттық парктің табиғи ерекшеліктері, биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғаудағы жастардың рөлі жөнінде пікір алмасу өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.