🌸 «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалі аясында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ аумағына барғысы келетін қонақтар үшін ақпараттық тур ұйымдастырылады.
📍Ақпараттық тур ұлттық парк аумағына баруға ниет білдірушілер үшін ұйымдастырылады. Кіру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға белгіленген тарифтерге сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
📍Тур барысында қатысушылар өңірдің табиғи ерекшеліктерімен танысып, Сиверс алмасының әлемдік экожүйедегі маңызы туралы біледі және көктемгі табиғаттың сұлулығынан ерекше әсер алады.
Ақпараттық тур бағдарламасы:
📅 Күні: 2 мамыр 2026 ж.
⏰ Уақыты: 10:00–15:00
📍 Өтетін орны: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Тополевка ауылының маңы, «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағы
📞 +7 702 297 1101, +7 705 723 0833
📌 Қосымша ақпарат
– Таулы аймаққа ыңғайлы киім мен аяқ киім кию ұсынылады.
– Жәндіктерден қорғану үшін репелленттер алып келіңіз.
– Фотоаппарат немесе суретке түсіретін телефон алуды ұмытпаңыз.
– Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы тәртіп ережелерін сақтауыңызды сұраймыз.
– Табиғатқа қамқорлықпен және құрметпен қараңыз.
✨ Табиғаттың сұлулығы мен Сиверс алмасының ерекше гүлдеуін бірге тамашалау үшін сіздерді асыға күтеміз!
