📌KITF 2026 халықаралық туристік көрмесіне Жетісу облысынан бірқатар жетекші ұйымдар мен туристік нысандар қатысып, өңірдің туристік әлеуетін жан-жақты таныстырды.
Көрме 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Алматы қаласында өтіп, ірі халықаралық алаңға айналды. Іс-шараға әлемнің 24 елінен 414 компания қатысып, 5295 келушіні қамтыды. Бұл көрсеткіштер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және туризм саласындағы маңыздылығын айқындайды.
Көрмеге «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, сондай-ақ облыстық қолөнершілер бірлестігі қатысты.
Сонымен қатар, туристік инфрақұрылым нысандары қатарында «Жаркент-Арасан» медициналық-сауықтыру кешені, Алакөл жағалауындағы «Grand Ville Resort», «Inju Luxury Residence», Балқаш көліндегі «Яхта» демалыс аймағы, «Тау Жетісу» кешені, «Серкесай» және «Lepsinsk.Pro» демалыс базалары өз қызметтерін ұсынды.
Белсенді туризм бағытында Жетісу облыстық парапланер спорты және рафтинг федерациялары, Текелі қаласының кәсіпкерлік пен туризмді қолдау бөлімі, сондай-ақ «Asiatour» туристік компаниясы өңірдің мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды.