🔻Биыл — адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 81 жыл. Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету — ұрпақ парызы.
Жеңіс күніне орай аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев бастаған сарқандықтар Сарқан қаласындағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан отандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Тағылымды шара барысында соғыс жылдарындағы ерлік пен ел үшін жанын қиған батырлардың рухына құрмет көрсетілді.