🌿 «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парк қызметкерлері Көкөзек орта мектебінің оқушыларына ұлттық парктің табиғат мұражайы мен №6 туристік маршрут – «Сарқан орман тұқымбағына» танымдық экскурсия өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Экскурсия барысында ұлттық парктің флорасы мен фаунасы туралы мәлімет алып, сондай-ақ орман тұқымбағының қызметімен танысты.