📍Өртке қарсы маңызы бар жолдарды жөндеу — өрт сөндіру техникасы мен құтқару қызметтерінің кедергісіз жүруін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар. Негізгі мақсат — төтенше жағдайда жедел әрекет ету, эвакуацияны ұйымдастыру және өрттің таралуын шектеу.
Жөндеу жұмыстарына жолды тегістеу, шұңқырларды жөндеу, қиыршық тас немесе асфальт төсеу, жолды кеңейту және ағаш-бұталарды тазарту кіреді.
2026 жылы парк аумағында 315 км өртке қарсы маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 40 км жол жөнделіп, жұмыстар жалғасуда.