🗓️2021–2025 жылдары «Жоңғар Алатауы МҰТП флорасын түгендеу және сирек өсімдіктер популяцияларын зерттеу» ғылыми жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде парк аумағынан 120 тұқымдасқа, 390 туысқа жататын 902 өсімдік түрі анықталды. Оның ішінде 24 эндемик, Қызыл кітапқа енген 25 түр, 13 реликт, 27 бөтен және 31 индикатор түрі тіркелді.
🌿Сирек өсімдіктердің 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың таралу аймақтары анықталып, 15 түр бойынша карта жасалды. Гербарий қоры 690 үлгімен толықтырылды. Сирек түрлерді бақылау үшін 16 мониторингтік алаң ұйымдастырылды.
Зерттеу нәтижесінде 16 ғылыми мақала мен 3 монография жарияланып, экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді.
🖊️Ғылым бөлімі






