Skip to content
Жаңалықтар Эко-дәріс өткізілді

Эко-дәріс өткізілді

  • by

🌿 «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парктің Лепсі филиалының директоры Р. Бурунгазов пен экологиялық ағарту инженері Р. Вишнякова Жыланды орта мектебінің 5–8 сынып оқушыларына арналған эко-дәріс өткізді.

Шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық сауаттылығын қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.