Skip to content
Жаңалықтар «Қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру»

«Қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру»

  • by

🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі–2026» экологиялық акциялары аясында, сондай-ақ «Жасыл даму» бағдарламасы бойынша ұлттық парк қызметкерлері Бірлік орта мектебінің 8–11 сынып оқушыларына «Қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында қалдықтарды дұрыс бөлек жинау тәсілдері, қайта өңдеудің пайдасы және табиғатты таза сақтаудың маңызы туралы ақпарат берілді.