Skip to content
Жаңалықтар Парк қызметкерлері «Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясы (WFTGA) стандарттары негізінде туристік гидтерді даярлау» курстардан өтті

Парк қызметкерлері «Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясы (WFTGA) стандарттары негізінде туристік гидтерді даярлау» курстардан өтті

  • by

Ағымдағы жылдың 12–22 мамыр аралығында ұлттық парк қызметкерлері – рекреация және туризм инженері М. Шамшудинов пен экологиялық ағарту инженері А. Рамазанова Талдықорған қаласында Жетісу облысының туризм басқармасы ұйымдастырған «Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясы (WFTGA) стандарттары негізінде туристік гидтерді даярлау» курсын оқып, біліктіліктерін арттырды.

Курс барысында қатысушылар туристік гид мамандығының ерекшеліктерімен танысып, экскурсия жүргізу техникасы бойынша практикалық сабақтарға қатысып, гидтік қызмет көрсету дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, туристермен тиімді қарым-қатынас орнату, маршруттарды дұрыс жоспарлау, экскурсияны кәсіби деңгейде ұйымдастыру және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытында тәжірибелік білім алды.

Аталған курс мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, ұлттық парк аумағында туристерге сапалы экскурсиялық қызмет көрсету деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді.