Skip to content
Жаңалықтар Экскурсия өткізлді

Экскурсия өткізлді

  • by

🌿 «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушыларына арналған экологиялық экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жас бүлдіршіндердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар ұлттық парктің табиғи ерекшеліктерімен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы мағлұмат алды.