Мамыр айының 26-сы күні «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына Қытай туристерін Жетісу өңірінің көрікті жерлерімен таныстыру және аймақтың туристік әлеуетін кеңінен насихаттау бағытында ақпараттық акция ұйымдастырды.
Ақпараттық акция барысында «Жоңғар-Алатау» МҰТП-мен бірлесіп «Қорғас» ШЫХО-на келушілерге Жетісу өңірінің табиғи, тарихи және мәдени нысандары туралы буклеттер, туристік карталар мен өзге де ақпараттық материалдар таратылды.
Аталған шара өңірдің туристік тартылымдылығын арттырып қана қоймай, Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына және ел экономикасына оң ықпал етеді.