Ұлттық парк қызметкерлері Сарқан көпсалалы колледжі оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен «Туризм – ел дамуының драйвері: білім, тәжірибе және болашақ» тақырыбындағы онкүндіктің жабылу салтанатына қатысты.
Онкүндік аясында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, экологиялық туризмді насихаттау, жастардың кәсіби білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.