🏔️Құрметті туристер!
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтардың келушілер үшін ашық екенін хабарлайды!
🌲Еліміздің барлық тұрғындары мен қонақтарын Жоңғар Алатауының көркем табиғатына саяхат жасап, тұмса табиғаттың сұлулығын, таза тау ауасын, ерекше ландшафттарды, көлдерді, мұздықтарды, шатқалдар мен тарихи-мәдени нысандарды тамашалауға шақырамыз.
✨ Сіздер үшін келесі маршруттар ашық:
📍 №1 туристік маршрут — Этнографиялық тур
📍 №2 туристік маршрут — Төменгі Жасылкөл көлі
📍 №3 туристік маршрут — Ғылыми-танымдық тур
📍 №4 туристік маршрут — Шумский мұздығы (Кіші Басқан шатқалы)
📍 №5 туристік маршрут — Жоғарғы Жасылкөл көлі (Үлкен Басқан шатқалы)
📍 №6 туристік маршрут — Сарқан орман тұқымбағы
📍 №7 туристік маршрут — Лепсі орман тұқымбағы
📍 №8 туристік маршрут — Қарбұлақ және оның көркем табиғаты
📍 №9 туристік маршрут — Қара өзен
📍 №10 экологиялық соқпақ — Щеки (Лепсі және Ағынықатты өзендерінің қосылатын жері)
📍 №11 экологиялық соқпақ — Көкжар шатқалы
📍 №14 туристік маршрут — Көкжота шатқалы
📍 №15 туристік маршрут — Ақкөл көлі
⚠️ Құрметті келушілер!
Туристік маршруттарда жүрген кезде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтап, табиғат аясында барынша мұқият әрі сақ болуларыңызды сұраймыз.
Естеріңізге саламыз:
✔️ белгіленген маршруттардан шықпаңыздар;
✔️ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар;
✔️ қоқыс қалдырмаңыздар;
✔️ табиғатқа жанашырлықпен қараңыздар;
✔️ парк қызметкерлерінің нұсқауларын мұқият орындаңыздар.
✨Біз Сіздерді Жоңғар Алатауында күтеміз!
Келіңіздер, жаңа маршруттарды бірге ашып, табиғаттың сұлулығынан шабыт алып, ұмытылмас әсерге бөленіңіздер!
Жоңғар Алатауының ғажайып табиғат әлеміне қош келдіңіздер!
📞 Байланыс телефондары:
+7 (705) 723-08-33
+7 (705) 422-28-49
+7 (705) 303-89-93












