🌿 «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында ұлттық парк қызметкерлері еріктілермен бірлесіп Сарқан өзенінің бойында «Таза өзенге – таза жағалау» атты экологиялық сенбілік өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өзен жағалауының санитарлық жағдайын жақсарту, табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Сенбілік барысында қатысушылар өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаз және басқа да қоқыстардан тазартты. Нәтижесінде табиғи аумақтан 0,04 тонна қоқыс шығарылып, арнайы белгіленген орындарға жеткізілді.
🌱Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!