«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тұжырымдамасының «Өнегелі ұрпақ» бағыты аясында ұлттық парк қызметкерлері «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қарияларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұлттық парк мамандары табиғатты қорғау және қоршаған ортаны сақтау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Қариялар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, туған жер табиғатын аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы тағылымды ойларын ортаға салды.