4 маусым – еліміздің тарихындағы ерекше маңызы бар мереке. Бұл күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілген. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің айқын белгісі.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті борышы. Олар елге деген сүйіспеншілікті арттырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміз аман, Туымыз биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 🇰🇿