Құрметті табиғат қорғау саласының мамандары, табиғат жанашырлары, экологтар, әріптестер!
Сіздерді 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🌿Бұл күн – табиғатты аялаудың, қоршаған ортаны қорғаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салатын ерекше мереке. Табиғат – адамзаттың баға жетпес байлығы, ал оны сақтау мен келешек ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Туған жеріміздің көркем табиғатын қорғау жолында атқарып жүрген еңбектеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс және табиғатты қорғау ісінде толағай жетістіктер тілейміз!
Табиғатымыз таза, қоршаған ортамыз көркейе берсін!
🌱Мереке құтты болсын!
