⚜️«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде 22 наурыз бен 5 маусым аралығында өткен республикалық маңызы бар «Парктер шеруі–2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының қорытынды жабылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға ұлттық парк қызметкерлері, Сарқан қаласындағы Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері, қала мектептерінің оқушылары, Сарқан көпсалалы және политехникалық колледждерінің студенттері, «Sarqan jastary» орталығының еріктілері, «Жетісу» телеарнасы мен Сарқан аудандық газетінің өкілдері қатысып, белсенділік танытты.
🌿Акцияға белсенді қатысқан оқу орындары мен еріктілерге алғысхаттар табысталып, сондай-ақ «Туған өлке – шабыт мекені», «Табиғатым – байлығым» шығармашылық байқауларына қатысқан балаларды ұлттық парк пен демеушілер тарапынан мадақтамалармен және сыйлықтармен марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шара мерекелік бағдарламамен жалғасты. Жалпы іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты.