Skip to content
Жаңалықтар Құрметті достар және табиғат сүйер қауым!

Құрметті достар және табиғат сүйер қауым!

  • by

Сіз Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көркем табиғат аясындағы туристік бағыттарына саяхаттауды жоспарлап жүрсіз бе, бірақ қажетті маршрутқа қалай жетуді білмейсіз бе? Біз сіздер үшін парк филиалдары мен туристік маршруттарға оңай жетуге көмектесетін бейненұсқаулықтар топтамасын дайындадық.

Осы бейнероликте Қабанбай ауылынан №11 экологиялық соқпақ — «Көкжар» шатқалына қалай жетуге болатыны көрсетілген.

🏞 Алакөл филиалы арқылы келесі туристік маршруттарға бара аласыз:

📍 №11 экологиялық соқпақ
«Көкжар» шатқалы

📍 №12 туристік маршрут
«Аттапқан» шатқалы

📍 №13 туристік маршрут
«Жамантас» шатқалы

✨ Сіздерді асқақ таулар, таудың таза ауасы, көркем өзендер, ерекше өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сондай-ақ Жоңғар Алатауының табиғи байлығымен танысудан туындайтын ұмытылмас әсерлер күтеді.

🎥 Бейненұсқаулықтарымызды тамашалап, саяхатыңызды алдын ала жоспарлап, жаңа ашылымдар мен жарқын әсерлерге толы сапарға аттаныңыз!

📞 Қосымша ақпарат:

☎️ 8 (72839) 2-19-23
☎️ 8 (705) 422-28-49
☎️ 8 (705) 303-89-93