🌿«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тұжырымдамасы аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері «Киелі мекен» атты семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға туған өлкенің киелі орындарын құрметтеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әр азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.