🌱«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің қызметкерлері Балалар шығармашылық үйінің оқушыларына танымдық экскурсия өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және ұлттық парктің табиғи байлықтарымен таныстыру.
🌱Экскурсия барысында оқушыларға ұлттық парктің флорасы мен фаунасы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Оқушылар табиғат туралы өз әсерлерімен бөлісіп, ұлттық парк қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.