🐾Түркістан сілеусіні – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін әрі саны азайып бара жатқан жыртқыш аң.
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман белдеулерінде мекендейтін түркістан сілеусінін бақылау мақсатында 2020 жылдан бері тұрақты фототұзақтар орнату жұмыстары жүргізіліп келеді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда парк аумағында 70-80 бас түркістан сілеусіні тіркелген.