⚜️Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияның салтанатты ашылу рәсіміне «Жоңғар-Алатауы МҰТП» бас директоры Кабиев Марат Нұрғазыұлы, бас директордың ғылым және туризм жөніндегі орынбасары Қасымханова Тоғжан Қанатбекқызы және «Ғылым» бөлімінің басшысы Нұрғожанова Жанар Сабитовна қатысты.
Конференция аясында өткен секциялық отырыстарда ұлттық парктің «Ғылым» бөлімінің басшысы Нұрғожанова Ж. «Жетісу Алатауындағы Жоңғар-Алатауы МҰТП аумағының Сарқан шатқалында түйеқұйрық қарағанның таралуы» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
⚜️Халықаралық конференция барысында табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрақты даму мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері таныстырылды.
⚜️Іс-шара аясында «Болашақ ұрпаққа мұра» атты уақыт капсуласын орналастыру рәсімі өткізіліп, Үлкен Алматы шыңына ұлттық парктің 30 жылдық мерейтойына арналған рәміздік ту орнатылды.
Конференция табиғатты қорғау саласындағы тәжірибе алмасуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.







