«Sarqan jastary» филиалы, Скрқан ауданы “Мейірімді Жетісу” фронт офисінің ұйымдастыруымен өткен «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында “Жоңғар Алатауы Ұлттық табиғи” паркі қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің тазалығына әр азаматтың үлес қосуына үндеу болды. 🌱
Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар қоқыстарды жинап, табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттады. Осындай игі бастамалар арқылы жастар табиғатқа жанашырлық танытып, қоғамға үлгі болуда.
✨ Таза орта – дені сау ұрпақтың кепілі! ✨ Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! ✨ Бірлігіміз арқылы қаламызды көркейтіп, болашағымызды жарқын ете аламыз!
#SarqanJastary #TazaAlem #ТазаҚазақстан #EcoLife #ЖастарБастамасы Еріктілер ТазаҚала Экология ЖасылБолашақ SarqanJastaryFilialy 🌍💚