🏔️Жабайы табиғаттың ерекше мекені – Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
⚜️Парк Жетісу облысының шығыс бөлігінде орналасқан және Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының аумағын қамтиды. Оның жалпы ауданы 356 022 гектарды құрайды. Бұл – Қазақстандағы аумағы бойынша екінші ірі ұлттық парк.
⚜️Ұлттық парктің негізгі мақсаты – Жетісу Алатауының орталық бөлігіндегі солтүстік тау беткейлерінің табиғи экожүйелерін сақтау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ антропогендік әсерден өзгерген экожүйелерді қалпына келтіру.