🏔️Жоңғар Алатауының асқақ мұздықты шыңдарының арасында, теңіз деңгейінен 3250 метр биіктікте, өңірдегі ең көркем биік таулы көлдердің бірі – Ақкөл көлі орналасқан. Бұл – айналасындағы мұздықтардың мөлдір еріген суларымен қоректенетін, мұздықтардың әрекеті нәтижесінде қалыптасқан бірегей мореналық көл.
🌊Ақкөлдің ерекшелігі – көл жүйесінің өзара жалғасқан үш көлден тұратындығында. Солардың ішіндегі ең ірісі – ұзындығы 560 метрді құрайтын екінші көл.
Көл өзінің мөлдір де таза суымен, биік таулы табиғаттың қатал әрі әсем келбетімен және тұмса табиғатымен таңғалдырады. Мұнда альпілік шалғындарды, сирек кездесетін өсімдік түрлерін тамашалап, тау жоталарының керемет панорамалық көріністеріне куә болуға болады.