2026 жылғы 12 маусымдағы №27-02-16/1551-И хатқа сәйкес, облыс аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз әрекеттердің алдын алу және жолын кесу шараларын күшейту, сондай-ақ орманға келушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келесі іс-шара өткізілді.
🌿Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұлттық парк қызметкерлері мен «Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелері №7 «Лепсі орман тұқымбағы» туристік маршрутының келушілерімен «Табиғатта қоқыс тастамаймыз!» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында келушілерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару қағидалары таныстырылып, табиғатты қоқыстан қорғау әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғат аясында демалу мәдениетін қалыптастыру және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау қажеттілігі жөнінде ақпарат берілді.