Skip to content
Жаңалықтар Рейдтік іс-шара өткізілді

Рейдтік іс-шара өткізілді

  • by

📌 27.06.2026 ж. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Сарқан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Сарқан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, ұлттық парк аумағында демалушылар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

Рейд барысында паркке келушілерге:
🔹 өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік талаптары;
🔹 демалыс орындарындағы қауіпсіздік ережелері;
🔹 қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеу қажеттілігі;
🔹 балаларды қараусыз қалдырмау;
🔹 табиғат аясында қауіпсіздік мәдениетін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жадынамалар таратылды.

🌿 Құрметті тұрғындар мен туристтер! Табиғатты аялап, қауіпсіздік талаптарын сақтайық. Өрттің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!