Жетісу Алатауының ең көрікті табиғи орындарының бірі – Кіші Басқан шатқалына қош келдіңіз! Мұнда асқақ таулардың айбыны, сарқыраған тау өзенінің үні мен табиғаттың тұмса келбеті әрбір саяхатшыға ерекше әсер сыйлайды.
Маршруттың басты көрікті нысаны – Шумский мұздығы. Бұл – Жетісу Алатауындағы ең танымал мұздықтардың бірі. Мұздыққа апарар жол Кіші Басқанның көркем шатқалы арқылы өтеді. Әр қадамыңыз сайын көз алдыңызда қайталанбас тау көріністері ашылып, табиғаттың айбынды сұлулығы мен тылсым тынысын сезінесіз.
Бұл маршрут таулы аймақтарды сүйетін саяхатшыларға, табиғат аясында демалуды қалайтын қонақтарға және әсерлі фотосуреттер түсіруді ұнататын жандарға ұмытылмас әсер сыйлайды.
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Сіздерді Кіші Басқан шатқалының ғажайып табиғатын тамашалап, Жетісу Алатауының қайталанбас сұлулығын өз көзіңізбен көруге шақырады! 🌿