Skip to content
Жаңалықтар Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын

Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын

  • by

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы туризм және рекреация инженері Букеев Равиль Ринатовичтің қайғылы қазасына байланысты орны толмас қайғыға ортақтасады.

Бұл – ұжымымыз үшін ауыр әрі орны толмас қаза. Равиль Ринатович өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек еткен білікті маман еді. Оның кәсіби біліктілігі, адамгершілік қасиеті, қарапайымдылығы мен әріптестеріне деген жанашырлығы ұжымның зор құрметіне ие болды.

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшылығы мен ұжымы атынан марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Қаралы қайғыларыңызға ортақтасып, Сіздерге сабыр мен төзім тілейміз. Равиль Ринатовичтің жарқын бейнесі оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.