📍Ұлттық парктің Алакөл филиалының орман өрт сөндіру станциясының (ОӨСС) басшысы мен өрт сөндіруші жауынгерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығулар қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға және орман өрттерінің алдын алуға бағытталған.