Skip to content
Жаңалықтар «Жасыл даму» АҚ

«Жасыл даму» АҚ

  • by

«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры «Жасыл даму» АҚ-ның қаржыландыруымен «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі ақпараттық және имидждік қызметтер» жобасын іске асыруда.
Жобаның аясында ұлттық паркте қызметтерге байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) бөлек жинау жүйесін дамыту, келушілердің экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға сергек көзқарасты қалыптастыру мақсатында кешенді шаралар атқарылды. Сондай-ақ, ұлттық паркке 10 дана ақпараттық баннер (1,0×1,5 м), 30 дана көлемі 200 литрлік экоурна, 40 дана көлемі 1100 литрлік қоқыс контейнері, 30 мың дана биопакет және 10 дана экологиялық орындық (эколавка) жеткізілді. Аталған жабдықтар ұлттық парк аумағындағы туристік маршруттарға орнатылды.
Аталған іс-шара аясында ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері №11 «Көкжар шатқалы» экологиялық соқпағына келушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.