Skip to content
Жаңалықтар Ұлттық парктің Лепсі филиалында орман өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Ұлттық парктің Лепсі филиалында орман өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

  • by

📍Ұлттық парктің Лепсі филиалында орман өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға 4 бірлік арнайы техника мен 14 қызметкер жұмылдырылды. Олардың қатарында орман өртін сөндіру станциясының (ЛӨС) қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – орман өрттері туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайындықты пысықтау, қызметкерлердің өзара іс-қимылын жетілдіру және өрт сөндіру техникасының әзірлігін тексеру.
Оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік техникасы талаптары қатаң сақталып, барлық қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.