«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатты қорғау жүйесіндегі археологиялық, тарихи және киелі нысандар болып саналатын петроглифтерді, қорғандарды және қасиетті жерлерді кешенді зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмысы аясында жоспарға сәйкес Сарқан филиалының Басқан орманшылығының қорғау аймағында орналасқан киелі нысан – Әулие тас аумағында далалық-бақылау зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу барысында нысанның орналасу ерекшеліктері сипатталып, жалпы жағдайына мониторинг жасалды. Сонымен қатар, нысанның табиғи және мәдени-тарихи маңыздылығына баға беріліп, фотофиксация жұмыстары жүргізілді. Әулие тас жергілікті тұрғындар арасында қасиетті орын ретінде танылып, рухани құндылыққа ие нысандардың бірі болып саналады. Далалық зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдарына енгізіліп, алдағы уақытта нысанды сақтау және насихаттау бағытындағы жұмыстарға негіз болады.


