📍Хабарландыру
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
🔹Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі
Рекреация және туризм инженері (уақытша лауазым).
Біліктілік талаптары:
Білімі: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру), экология, география, биология, туризм және құқық (құқықтану).
Біліктілігі жоғары деңгейдегі І санатты маман лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
Санатсыз:
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру), қоршаған орта (география), қызмет көрсету саласы (туризм) мамандықтарының бірі бойынша жоғары білімі болуы тиіс.
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Орта буын біліктілігі бар маман:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы немесе орта кәсіптік) білім: орман шаруашылығы, бақ-саябақ шаруашылығы және ландшафтық дизайн, экология және табиғат қорғау қызметі (түрлері бойынша), құқық (құқықтану), туризм мамандықтарының бірі бойынша білімі болуы тиіс.
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
🔹Ғылым бөлімі
Аңшылықтанушы – мемлекеттік инспектор (1 бірлік)
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары.
Санаты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру, аңшылықтану және аң шаруашылығы), экология, биология мамандықтарының бірі бойынша жоғары білімі болуы тиіс.
Аңшылықтанушы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе ұйымның тиісті бейіні бойынша кемінде төрт жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Санатсыз:
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру, аңшылықтану және аң шаруашылығы), биология мамандықтары бойынша жоғары білімі болуы тиіс.
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Орта буын біліктілігі бар маман:
Техникалық және кәсіптік, орта арнаулы немесе орта кәсіптік білім: «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтық құрылыс» (түрлері бойынша), «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандықтарының бірі бойынша білімі болуы тиіс.
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.



