Skip to content
Жаңалықтар Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

  • by

⚜️Құттықтаймыз!

Ұлттық парктің Сарқан филиалының рекреация және туризм инженері Шамшудинов Максут мемлекеттік туристік гидтер тізіліміне енгізілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Шамшудинов М. «Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясының (WFTGA) стандарттары негізінде туристік гидтерді даярлау» біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.
Максут Рамилевич 2010 жылдан бері ұлттық парктің Сарқан филиалында рекреация және туризм инженері лауазымында қызмет атқарып келеді. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық альпинизм федерациясының «Қазақстан альпинисті» төсбелгісімен марапатталды.

💐Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтап, қызметіне табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!