Skip to content
Жаңалықтар Шыны, пластик және басқа да қоқыстар — табиғатқа төнген үлкен қауіп

Шыны, пластик және басқа да қоқыстар — табиғатқа төнген үлкен қауіп

  • by

Шыны, пластик және басқа да қоқыстар — табиғатқа төнген үлкен қауіп
Табиғатта қалдырылған әрбір пластик бөтелке, шыны сынығы немесе тұрмыстық қоқыс қоршаған ортаға ұзақ уақыт зиян келтіреді.
Пластик топырақ пен суды ластап, жануарлар мен құстардың ағзасына түсуі мүмкін. Сынған шыны адамдар мен жануарларды жарақаттап, күн ыстық кезде өрт қаупін арттырады. Ал басқа қалдықтар табиғи ортаның тазалығын бұзып, өсімдіктер мен тірі ағзалардың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді.
Ұлттық парк аумағында қоқысты жерге тастамаңыз. Оны арнайы контейнерге салыңыз, ал контейнер болмаған жағдайда өзіңізбен бірге алып кетіңіз.
Табиғатқа келген ізіңіз қоқыс емес, тек жақсы естелік болсын!