Skip to content
Жаңалықтар Ормандағы өрт сөндіру станциясы

Ормандағы өрт сөндіру станциясы

  • by

“Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ Сарқан филиалында орман қорын өрттен қорғау алу мақсатында 1-типті Ормандағы өрт сөндіру станциясы (ОӨСС) жұмыс атқарады.

ОӨСС қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде орман аумағын бақылауда ұстап, өрттің алдын алу және туындаған жағдайда оны жедел сөндіруге дайын.

Филиал аумағында 130 км минералдырылған жолақтарға күтіп баптау жұмыстары 2 рет жүргізілді. 80 км өрт қауіпсіздігі маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілді Сонымен қатар, 7 бақылау мұнарасы орман алқаптарын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

Орманды қорғау – ортақ міндет!