Skip to content
Жаңалықтар “Кіші Басқан” орманшы үйінің ашылу салтанатты

“Кіші Басқан” орманшы үйінің ашылу салтанатты

  • by

«Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Сарқан филиалының Аманбөктер орманшылығында “Кіші Басқан” жаңа орманшы үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға ұлттық парк басшылығы, орман саласының ардагерлері, құрметті қонақтар, мекеме қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Жаңа орманшы үйі мемлекеттік орман қоры аумағын қорғау мен күзетуді күшейту, табиғат қорғау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру, орман өрттерінің алдын алу және орман қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында пайдалануға берілді.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар табиғатты қорғау ісіне үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдіріп, жаңа нысанның ұлттық парк қызметінің тиімділігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Бұл нысан орманшылардың тәулік бойы қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасап, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи кешендерін сақтау мен қорғау жұмыстарын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Орманшы үйінің ашылуы – ұлттық парктің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға және табиғатты қорғау қызметінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.