📍Сарқан өзені – Жетісу облысындағы тау өзені. Ол Жетісу Алатауының солтүстік беткейінен бастау алады. Өзеннің ұзындығы шамамен 70–80 шақырымды құрайды. Өзен алабының таулы бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 700–800 мм-ге дейін жетеді.
Өзен Жетісу Алатауының биік таулы бөлігіндегі, шамамен 3400 метр биіктікте орналасқан мұздықтар мен мәңгі қар басқан аймақтардан (Ақшұнақ, Қарасырық, Талдыбұлақсай) бастау алады.
Сарқан өзенінің алабы физикалық-географиялық сипаттамасы бойынша Сарқан ауданының өзендер жүйесіне кіреді және Жетісудың жеті өзенінің қатарында ерекше орын алады.
Ғалымдардың пікірінше, «Сарқан» атауы «Сары өзен» деген мағынаны білдіреді. Кейбір ғылыми еңбектерде ежелгі түркі тіліндегі «қан» сөзінің «өзен» мағынасында қолданылғаны туралы пікірлер кездеседі.