Skip to content
Жаңалықтар Виттрок рауғашы (Rheum wittrockii Lundstr.)

Виттрок рауғашы (Rheum wittrockii Lundstr.)

  • by

📌Виттрок рауғашы (Rheum wittrockii Lundstr.)

Виттрок рауғашы — тарандар тұқымдастығына жататын, сирек кездесетін, көп жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі 60–150 см. Теңіз деңгейінен шамамен 1500–2900 м биіктікте өседі. Мамыр – маусым айларында гүлдейді, ал маусым–шілде айларында жеміс береді. Тұқым арқылы көбейеді.
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бұл түр Лепсі филиалы, Чернов орманшылығы, Дудокал шатқалында, Алакөл филиалы Көкжар орманшылығы, Жылысай шатқалында, Үйгентас орманшылығы, Аттапқан шатқалы, Сегізбай асуында, Сарқан филиалы Аманбөктер орманшылығы Сарқан, Қарасырық шатқалдары, Басқан орманшылығы Үлкен Басқан шатқалында кездеседі. Сарқан филиалының Аманбөктер орманшылығы, Қарасырық шатқалында 2016 жылы осы түрге мониторингтік алаң орнатылды.
Мониторингтің негізгі мақсаты – Виттрок рауғашының табиғи популяциясының қазіргі жай-күйін бағалау, дарақтар санын анықтау, таралу аймағын нақтылау және түрге әсер ететін қауіп факторларын анықтау.